jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеген (видео)

    көлік жүргізіп келе жатқан адам
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте 40 жастағы ер азамат өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас күйде көлік тізгіндеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мас жүргізуші айдаған Opel Vectra көлігі "Қорғау" жүйесінің көмегімен анықталды. Бағдарлама арқылы автокөлік туралы ақпаратты алған ЖБО инспекторлары құқық бұзушыны ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттаған.

    Тексеру нәтижесінде жүргізуші алкогольдік масаң күйде екені белгілі болды. Қазір ер адам қамауда отыр. Оған қатысты тергеу басталды.

    "Мас жүргізуші – жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіретін қылмыскер. Жол қателікті кешірмейді. Сақ болыңыздар" - деді полиция қызметкерлері.

    Еске салайық, Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгендер енді 8 жыл бойы емтихан тапсыра алмауы мүмкін екенін жазған едік.

    Биыл шілдеде Өскеменде мас күйде көлік жүргізген полиция қызметкері 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын.

    Сондай-ақ шілдеде Қостанай облысының бас имамы мас күйде көлік басқарған деген ақпарат тараған еді.

    Шымкентте өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеген (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.