jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "500 мың теңге залал келтірген": Атырауда көпбалалы ана төрт жылға бас бостандығынан айырылды

    сот залы
    Сот залы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Атырау қаласында көпбалалы ана алаяқтық жолмен алған 500 мың теңгені құмар ойынына салып жіберген. Сот шешімімен әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушы өзінің атына жеке кәсіпкерлік тіркеп, Атырау қаласы аумағында майлықтар және балаларға арналған жөргек сатумен айналысқан көрінеді.

    "Жәбірленушінің сеніміне кіріп, Kaspi gold қосымшасы арқылы ақша аударғаннан кейін оған тауарды жеткізетінін айтып сендірген. Ақшаны алып алып, тұтынушыны алдап, өз міндеттемесін орындамай, алынған ақшаны құмар ойындарына жұмсап, жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде залал келтірген", - деді мән-жай туралы Атырау облысы сотының баспасөз қызметі өкілдері.

    Сот үкімімен кінәлі деп танылған келіншекке төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Алайда сотталушының асырауында 4 кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

    Автор: Әйгерім Сайқын

    "500 мың теңге залал келтірген": Атырауда көпбалалы ана төрт жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.