jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда бұрынғы судья ұсталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова қамауға алынды деген ақпарат тарады. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оңтүстік астанада бұрынғы судья ұсталғаны туралы ақпарат Telegram-дағы Nege Aqsha арнасында пайда болды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

    KAZ.NUR.KZ тілшілеріне Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі Медеу аудандық полиция бөлімінің шынымен де алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.

    "Күдікті полицияға жеткізілді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп қосты департамент өкілдері.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкіне құқық алу бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге тартуға немесе екі жылға бас бостандығын шектеуге жазаланады.

    Алматыда бұрынғы судья ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.