jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Студент қызды аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған екі адамға сот үкімі шықты

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Фото: freepik.com

    Наурызда студент қызды аяусыз өлтірді деп айыпталған екі күдіктіге сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен пайдакүнемдік ниетте аса қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деп айыпталған Қ. және С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралған.

    Сот мәліметінше, биыл 6 наурызда сотталушылар жәбірленушімен ортақ танысы арқылы танысып, соңғысы жәбірленушіні уақытша бір жерге орналастыруды өтінген.

    Осы мақсатта Алматы қаласында пәтер жалға алынған.

    "Екінші күні қаражаттың бітуіне байланысты жалдау ақысын одан әрі төлеу үшін сотталушы Қ. жәбірленушіні өзіне тиесілі iPhone 13 Pro"маркалы смартфонды комиссиялық дүкенге тапсыруға, кейінірек оны қайта сатып алуға уәде беріп, көндірген

    Түскен қаражатты жұмсағаннан кейін сотталушылар жәбірленушіні банктер мен микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 435 мың теңгеге ақшалай қарыздар ресімдеуге көндірген.

    12 наурызда сотталушылар жәбірленушінің смартфонын комиссиялық дүкеннен жасырын сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатқан, ал түскен қаражатты жеке мақсатта пайдаланған", - дейді сот өкілдері.

    Жәбірленушінің смартфонды қайта сатып алу туралы бірнеше талабынан кейін сотталушыларда қылмыстық ниет пайда болады – олар смартфонды қайтармау және несие бойынша қарыздарды өтемеу үшін жәбірленушіні өлтірмек болған.

    "Осы мақсатта, 15 наурыз түнде сотталушылар жәбірленушіні үйіне жеткізіп тастау сылтауымен онымен бірге жолға шығып, сағат 02:00 шамасында Қонаев–Қазақстан автожолының 36-шақырымына жетіп, жолдан шығып, ашық учаскеге тоқтаған.

    Сотталушылар кезек-кезек жәбірленушіні сақамен ұрып соғып, оны бензинмен өртеуге тырысқан, содан кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада.

    Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

    Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген.

    Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

    Сот үкімімен Қ. және С. өздеріне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Еске салсақ, Ұлытау облысында айуандықпен кісі өлтіріп, өртеп жіберген ағайындының сотталғанын хабарлаған едік.

    Студент қызды аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған екі адамға сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.