jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 6,4 млрд теңгенің шот-фактурасы заңсыз рәсімделген

    Есеп жүргізіп отырған әйел
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген тексеру барысында бірқатар кәсіпорында 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және "көлеңкелі" экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді.

    Тексеріс нәтижесінде жазықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактура беру фактілері анықталды.

    Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

    Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында.

    Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Қадағалау органы бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын мәлім етті.

    Шымкентте 6,4 млрд теңгенің шот-фактурасы заңсыз рәсімделген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.