jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында күйеуін өлтірген 50 жастағы әйелге сот үкімі шықты

    сот ғимараты
    Сот ғимараты. Фото: Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

    Түркістан облысындағы қайғылы оқиға биыл 22 сәуірде болған еді. 50 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін кардиган белбеуімен өз үйінде қылғындырып өлтірген. Бүгін сотталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерлі-зайыптының арасында екі ұл, екі қызы бар. Ер жеткен балалары әкелерінен өмір бойы теперіш көргендерін жеткізді. Айыптау орнындағы аналары да жылдар бойы зорлық-зомбылыққа шыдап келген. Тумысынан мүгедек болып туылған ұлын әкесінен қорғаймын деген әйел талай рет соққы астында қалған дейді балалары.

    Сот барысында әйелінің қолынан қайтыс болған ер адамның тұрақты жұмысы болмағаны, тапқан табысын ішімдікке жұмсағаны айтылды. Өліммен аяқталған жанжал да әйелінен кезекті рет ішімдікке ақша сұрауынан басталған екен. Ашуға булыққан 50 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өз үйінде белбеумен буындырып өлтірген.

    Л.Х. үстінен адам өлтіру бабының 1-тармағы бойынша іс қозғалды. Ол өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор төрт баланың анасын 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

    Автор: Назерке Еркінбекқызы

    Түркістан облысында күйеуін өлтірген 50 жастағы әйелге сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.