Алматыда ҚазҰАЗУ қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотталды
Жарияланған күні:

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Саймасай" оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.
"Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, "аммофос" минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.
Тексеру осы аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті", - делінген ресми ақпаратта.
Прокуратура өкілі №2 Медеу аудандық сотының үкімімен университеттің "Саймасай" оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталғанын мәлімдеді.
Залал толық көлемде өтелді.
Үкім заңды күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2174811-qazuazu-lauazymdy-tulgalary-urlyq-zhasagany-ushin-sottaldy/