Оқыс оқиға

Зектілері

Павлодар облысында жол жағдайына байланысты 20 шенеунік жазаланды (видео)

Жарияланған күні:

Павлодар - Кызылорда тас жолы
Павлодар - Кызылорда тас жолы. Видеодан кадр: Павлодар облысының полиция департаменті

Павлодар облысының Екібастұз ауданында тасжолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамаған 20 шенеунікке айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінде пайда болған ақпаратқа сәйкес, әкімшілік полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларды зерттеп-қарайды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін ақауларды жою бойынша жедел шаралар қолданыла отырып, тексерулер жүргізіледі.

Тексеру барысында жолдағы апаттардың пайда болу себептері анықталады.

Жыл басынан бері анықталған кемшіліктер бойынша жол ұйымдарына оларды жою бойынша 88 нұсқама жолданды. Сондай-ақ 40 ақау анықталып, аталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді.

"Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 20 лауазымды адам айыппұл санкцияларымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар жолданды", - деп атап өтті Екібастұз полиция басқармасы әкімшілік полиция бастығы Нұрғазы Жәмшитов.

Тәртіп сақшылары видеода Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар Павлодар-Қызылорда және Шідерті-Ерейментау-Астана жолдарына жүргізілген тексеру нәтижесін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2175147-pavlodar-oblysynda-zhol-zhagdaiyna-bailanysty-20-sheneunik-zhazalandy-video/