Шымкентте полицейлер 8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған адамды ұстады
Жарияланған күні:

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент полицейлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
41 жастағы азаматты полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.
Айта кетейік, "Заңсыз келуші – 2024" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент аумағында Қазақстанға келу, болу және елден кету ережелерін бұзған барлығы 556 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-нің қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 135 адам орналастырылды.
Қазақстанда болу ережелерін бұзған 408 азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жауапкершіліктері қаралды. Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 114 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 34 Қазақстан азаматы анықталды.
Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 61 шетел азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды. Сондай-ақ 44 шетел азаматының Қазақстанда болу мерзімдері қысқартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176064-shymkentte-politseiler-8-zhyl-boiy-halyqaralyq-izdeude-bolgan-adamdy-ustady/