Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік жүйесі жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды
Жарияланған күні:

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Арман Рахимов ОКҚ брифингінде қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мониторинг қорытындысын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Арман Рахимов сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтты.
"Мониторинг нәтижесінде 7 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, 10 ұсыныс жасалды. Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг аясында (Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – ред. ескертпесі) әкімдік пен ТЖД мекенжайына Жапония мен АҚШ-тың push-хабарламаларының үлгісі бойынша хабарландыру жүйесін қайта қарау туралы ұсыныс енгізілді. Осылайша жедел жаппай ескертудің неғұрлым тиімді жүйесі енгізіліп жатыр", - деді спикер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176104-almatyda-seismikalyq-qauipsizdik-zhuiesi-zhumysynda-sybailas-zhemqorlyq-tauekelderi-anyqtaldy/