jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда блогер ұрлық жасағаны үшін сотталды

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Атырауда жергілікті блогер бопсалау мен ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Атырау қаласының №2 сотында қорқытып, ұрлық жасағаны үшін айыпталған блогерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

    "Жергілікті блогер супермаркеттің сөрелерінен жарамдылық мерзімі өткен тауарларды тауып, кейін қызметкерге полиция шақырып, арыз жазатынын айтып қорқытып, 2 млн теңге талап еткен.

    Полиция келгеннен соң блогер жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату және тауарларда мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы туралы арыз жазған.

    Мұнымен тоқталмаған блогер өтінішті қайтарып алу үшін 39 824 теңгеге азық-түлік алған", - делінген хабарламада.

    Бірнеше күннен кейін блогер сот процесіне қатысқан әріптесін қолдау мақсатында Атырау қаласының №2 сотына келіп, прокурорларға арналған бөлмеге кіріп, ішінде қызметтік киім тұрған шкафты ашып, прокурорлардың бірінің қалтасынан 20 мың теңгені жасырын ұрлаған.

    Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

    Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен дәлелденді.

    Сот үкімімен блогер Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 58-бабының негізінде 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Атырауда блогер ұрлық жасағаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.