Оқыс оқиға

Зектілері

Тұрғын үй құрылысына қатысқан: ҚТЖ-да формальді еңбек қызметінің фактілері анықталды

Жарияланған күні:

"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ
"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ. Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ АҚ филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің фактілері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТЖ мәліметіне сүйенсек, ревизорлық комиссия ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады.

"Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген. Аталған фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді.

Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176503-turgyn-ui-qurylysyna-qatysqan-qtzh-da-formaldi-engbek-qyzmetining-faktileri-anyqtaldy/