ҰҚК мемлекеттік орган ғимараттарында теракт жасау әрекетінің алдын алды
Жарияланған күні:

19 қазанда Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратына сәйкес, Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.
Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.
Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.
Еске салсақ, ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірге 22 адамнан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтағанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176785-uqk-memlekettik-organ-gimarattarynda-terakt-zhasau-areketining-aldyn-aldy/