jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Полицейлер қазақстандық Нұрәлі Ахметовке іздеу жариялады

    Нұрали Ахметов
    Нұрали Ахметов. Фото: instagram.com/police_almobl

    Полицейлер іздеуде жүрген тараздық тұрғынның суретін жариялады. Тәртіп сақшылары оны көрген-білгендер болса, хабар беруін сұрап, халыққа жүгінді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәлімет бойынша, 36 жастағы ер адамға Тараз қаласының қылмыстық полиция бөлімі іздеу жариялаған.

    "Қылмыс жасағаны үшін Тараз қаласында тұратын 1987 жылы 11 қарашада туған Ахметов Нұрәлі Оразбекұлы іздестіріліп жатыр", - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

    Полицейлер іздеудегі ер адамды көрген-білгендер болса, дереу Тараз қаласы Пушкин көшесіндегі 43-үйде орналасқан қалалық полиция бөліміне хабарласуын немесе 8 (7262) 43-06-46, 99-78-18, 8 707 277 06 69, 102 байланыс телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

    Айта кетейік, бұған дейін қарақшылық шабуыл жасады деген қазақстандық күдікті Ресейден экстрадицияланғанын хабарлаған едік.

    Бас прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.

    Полицейлер қазақстандық Нұрәлі Ахметовке іздеу жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.