Талғардағы "Хуторские" туралы сұқбат берген тұрғын ұсталды
Жарияланған күні:

Журналист Асхат Ниязов Талғардағы "Хуторские" тобы туралы түсірілген шығарылымына түскен кейіпкер қамалғанын хабарлады. Бұл туралы ол Telegram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Шығарылым журналистің YouTube-тегі арнасында жарық көрді. Ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат – Шерзат Болаттың көршісі әрі отбасылық досы. Журналист ер адамнан сұхбатты көліктің ішінде алған, себебі сыртта жүру қауіпті екені айтылған.
Ер адам осы ауылдарда бұрын-соңды не болғанын, сондай-ақ "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы бар білгенін жайып салған.
KAZ.NUR.KZ редакциясы ақпарат алу үшін Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.
"Алматы облысы полиция депратаменті бұрын соттың үкімімен қоғамдық қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына тартылған азамат К.-ны полиция қызметкерлері ұстағанын мәлімдейді.
Бұған дейін К. есімді азамат құжаттардың мерзімі өтіп кетуіне байланысты қайта рәсімдеу қажеттігін сылтауратып, медициналық мекемеден қашып кеткен. Биылғы 21 қазанда полиция қызметкерлерімен ұсталып, тағайындалған емді жалғастыру үшін қайта емдеу мекемесіне жеткізілді - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176835-talgardagy-hutorskie-turaly-suqbat-bergen-turgyn-ustaldy/