Ақтаудағы сотта кісі өлтіру ісі бойынша алқаби болған адамның өзі жауапқа тартылды
Жарияланған күні:

Ақтауда аса ауыр қылмыстар ісі бойынша алқаби болып сайланған ер адам сотқа келмегені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Маңғыстау соттары Facebook-тегі парақшасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 655-бабы бойынша С.-ге қатысты іс ашық сот мәжілісінде қаралды.
Маңғыстау облысының ҚІЖМА сотының өндірісіндегі ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен, 99-бабының 2-бөлігінің 3,5,7 тармақтарымен, 192-бабының 2-бөлігінің 1,5 тармақтарымен сотқа берілген сотталушылар С.,С.С.-ке қатысты қылмыстық істі алдын-ала тыңдау барысында сотталушылар С.,С.,С., қылмыстық істі алқабилердің қатысымен қарауды сұраған.
3 қазан 2024 жылы сағат 10:00-де басты сот талқылауы өткізіліп, 10 негізгі және 2 қосымша алқабилер кандидаттары іріктеліп, алқабилер құрамы бекітілген.
Бірінші сот талқылауы 3 қазан 2024 жылы сағат 15:00-де тағайындалып, тараптарға және алқаби құрамының мүшелері сот талқылауының болатын орны, күні мен уақыты туралы алдын ала тиісті түрде хабарланған.
Алайда, негізгі алқаби құрамына енгізілген С. сот мәжілісіне белгісіз себептермен келмей, "Алқабилер туралы" Заңның 11-бабының 5-бөлігінің талаптарын бұзып, жүктелген міндеттерден жалтарып, соның салдарынан басты сот талықылауы өткізілмеген.
Аудандық сот приставы, алқаби құрамының негізгі мүшесі С.-ке қатысты 4 қазан 2024 жылы әкімшілікқұқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 655-бабымен жауапкершілік мәселесін қарау үшін, Ақтау қаласының ӘҚБжМ сотына жолдаған.
Сот шешімі бойынша С.-нің кінәсі өзінің кінәсін мойындауымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да істегі құжаттармен өз дәлелін тапты.
ӘҚБтК-тің 655-бабының санкциясында ескерту жасау немесе 10 АЕК түрінде айыппұл салу көзделген.
Сот, С.-ға жаза тағайындау барысында құқық бұзушылық үшін жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларға, бұрын соңды жауапкершікке тартылмағанын, кінәсін мойындайтынын, өкінун таныды. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
9 қазан 2024 жылы Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 655 бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2176875-aqtaudagy-sotta-kisi-oltiru-isi-boiynsha-alqabi-bolgan-adamnyng-ozi-zhauapqa-tartyldy/