jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астана тұрғыны "Қазпоштада" жанжал шығарып, компьютерді сындырған

    Қазпошта
    Қазпошта. Фото: facebook.com/Kazpost

    Елордадағы "Қазпошта" бөлімшелерінің бірінде 39 жастағы тұрғын компьютерді сындырды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана әкімдігінің Telegram-дағы арнасында бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұрғындар туралы ақпарат пайда болды.

    "30 жастағы ер адам Абылай хан даңғылында мас күйінде көліктің терезелерін әдейі бүлдіріп, 400 мың теңге көлемінде залал келтірген.

    Тағы бір оқиға "Қазпошта" бөлімшесінде болды. 39 жастағы Астана тұрғыны жанжал кезінде құрылғыны лақтырып, компьютерді қасақана сындырып, материалдық шығын келтірген. Құқық бұзушылардың екеуі де табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады әкімдік.

    Айта кету керек, жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген, қоғамдық орындарды ластаған, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 260-қа жуық адамды жазалаған.

    Еске салсақ, Қостанай облысында такси жүргізушісін қорлады деп айыптаған тұрғынға 110 мың теңге айыппұл салынғанын хабарлаған едік.

    Астана тұрғыны "Қазпоштада" жанжал шығарып, компьютерді сындырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.