jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Теміртауда 63 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Tеміртауда 63 жастағы әйел бірге тұрған ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қылмыс 21 қазанда оң жағалаудағы көпқабатты пәтерлердің бірінде жасалған. Көршілердің айтуынша, бірге тұратындар арасында жанжал болған, оның барысында әйел пышақты ұстап алған.

    Қарағанды облысы полиция депаратаменті баспасөз қызметі өкілдері өлтіру фактісін растады.

    "Кісі өлтіру фактісі бойынша 21 қазанда Теміртауда қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 63 жастағы әйелді ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.

    Айта кету керек, жәбірленуші мен күдікті бұған дейін полицияда тіркеуде тұрмаған.

    Теміртауда 63 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.