Алматылық әйел танымал қазақстандық спортшының ұлын ұрды деп айыптады
Жарияланған күні:

Желіде Алматы тұрғыны қазақстандық спортшы Асқар Оразалиновтың ұлын ұрды деп айыптап, ал тергеуші істі кейінге қалдырды деп шағымданды. Қалалық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты іс материалдары сотқа жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы ақпарат Telegram-дағы Egov.Press арнасында жарияланды. Жазбада Алматы қаласының тұрғыны өзін су добынан спорт шебері – қазақстандық спортшы Асқар Оразалиновтың ұлы Алан Оразалинов ұрып-соққанын айтады.
"Ол ауыр жарақат алып, Бостандық ауданы әкімшілігінде қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші тарап тергеуші алты ай бойы ештеңе істемегенін, өйткені спортшыларды түрмеге қамауға болмайтынын айтқан", - делінген жазбада.
Бұл жайтқа қатысты қалалық ПД баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілішісіне пікір білдірді.
"Бостандық аудандық полиция Басқармасы, денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары кешені жүргізілуде, нәтижесінде кінәлі адам жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жіберілетін болады", - деді Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2177330-almaty-tanymal-qazaqstandyq-sportshynyng-ulyn-urdy-dep-aiyptady/