Оқыс оқиға

Зектілері

Атырауда 23 жастағы қыздың денесі Жайық өзенінен іздестіріліп жатыр: екі күдікті қамауға алынды

Жарияланған күні:

Жайық жағалауы
Жайық жағалауы. Фото: t.me/oper_shtab_06

Атырауда бес күн бұрын 23 жастағы бойжеткенге іздеу жарияланды. Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты күдіктілерді қамауға алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

23 жастағы Атырау тұрғыны 18 қазанда кешкі сағат 22.00 шамасында Авангард ықшам ауданында орналасқан үйінен шығып кеткен. Содан бері туыстары хабарсыз. Атырау облысы полиция департаментінде адам жоғалғаны жөнінде іс тіркеліп, іздеу жарияланды. Бүгін полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді.

"Аталған дерек бойынша адам ұрлау және адам өлтіру баптарымен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде құтқарушылар жоғалған қызды Жайық өзені бойынан іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2177919-atyrauda-23-zhastagy-qyzdyng-denesi-zhaiyq-ozeninen-izdestirilip-zhatyr-eki-kudikti-ustaldy/