jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан күдікті қашты: кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берілді

    Бекарыс Қалмырзаев
    Бекарыс Қалмырзаев. Фото: instagram.com/police_almobl

    Мәжіліс алаңында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан жақында қашып кеткен күдіктінің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Біз айналыcып жатырмыз, іздестірудеміз, ұстаймыз. Іздеп жатырмыз – бұл оңай емес. Барлық шара қабылданып жатыр. Біз қызметтік тергеу жүргіземіз. Барлығы жазаланады. Іс немқұрайдылық факт бойынша қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз", - деді Лепеха.

    Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен зорлау бойынша күдіктінің жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлаған едік.

    Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу салды.

    Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматтың қашып кеткеніне байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

    Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан күдікті қашты: кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.