jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "11 жыл жасырынып жүрген": халықаралық іздеуде болған шетел азаматы Шымкентте қолға түсті

    Ұсталған ер адам
    Ұсталған ер адам. Фото: Polisia.kz

    Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын қолға түсірді.

    Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушылары халықаралық іздеу жариялаған.

    "Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, Шымкентте полицейлер 8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстаған еді. 41 жастағы азамат соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кіргізілмейтін болды.

    "11 жыл жасырынып жүрген": халықаралық іздеуде болған шетел азаматы Шымкентте қолға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.