Петропавлда әйел аяусыз соққыға жығылған: полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр
Опубликовано:
Петропавлда кешкісін белгісіз біреу әйелді ұрып-соққан. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Петропавлдың 49 жастағы тұрғыны ұрып-соғудың құрбаны болды. Полиция мәліметінше, оқиға кешкі сағат 22:30 шамасында аулалардың бірінде болған.
"Бұзақылық ниетпен белгісіз біреу 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтіріп, Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша ("бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Күдікті іздестірілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын хабарлаған едік. Оқиға салдарынан бір әйел мерт болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2178236-petropavlda-aiel-aiausyz-soqqyga-zhygylgan-politseiler-kudiktini-izdestirip-zhatyr/