jitsu gif
Оқыс оқиға

    Солтүстік Қазақстан облысында кісі өлтіруге оқталып, Ресейге қашып кеткен күдікті ұсталды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлері кісі өлтіруге оқталып, Ресейге, содан кейін Арменияға қашып кеткен қазақстандықты ұстады. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Армения Республикасының полицейлері СҚО полицейлерімен өзара әрекеттесе отырып, өз елінде кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады.

    Қыркүйек айының соңында Петропавл қаласындағы көпбейінді үшінші қалалық ауруханасына бірнеше пышақ жарақатымен қала тұрғыны түсті. Полиция дереу қылмыскерді анықтау және ұстау шараларын қабылдады.

    Бейнебақылау камераларының арқасында жедел қызметкерлер күдіктіні анықтады, бірақ ол қылмыс жасағаннан кейін Ресей Федерациясына өтіп кеткен.

    Ер адамға мемлекетаралық іздестіру жарияланған еді.

    ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің жолын қадағалау мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда оны елімізге экстрадициялау шаралары жүріп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.