jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында ер адам ет дүкеніне ұрлыққа түскен (видео)

    Ет дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам
    Ет дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам. Фото: Polisia.kz

    Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ет дүкеніне ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    46 жастағы ер адам ұрлықты алдын ала ұйымдастырған. Ол таңғы сағат 4:00 шамасында ет дүкеніне есігін сындырып кірген. Кейін тоңазытқышта тұрған қазы мен еттерді және кассада тұрған ақшаны жымқырған.

    Күдікті жәбірленушіге 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Еске салайық, Шымкентте екі адам тапа-тал түсте пәтер тонағанын жазған едік. Олар алтын бұйымдар мен ақша ұрлап, 800 мың теңге шығын келтірген. Күдіктілер Тараз қаласында ұсталды.

    Сондай-ақ Түркістанда 60 жастағы ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлаған болатын. Көлік Алматыдан табылып, иесіне қайтарылды.

    Түркістан облысында ер адам ет дүкеніне ұрлыққа түскен (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.