Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен
Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан екі адам ұсталды – олардың қолында QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram арнасында қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі заттарын жарнамалауға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізгені айтылған.

"Бірлескен жұмыс барысында "50 мың рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адамның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.

Бұл адамдарда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі құралдарын өткізу жөніндегі Telegram-дағы арнаға сілтеме жасалады.

Басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген прокуратура хабарламасында.

Қала прокуратурасы өкілдері азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2179416-almatyda-esirtki-zharnamasy-bar-paraqshalardy-taratqan-adamdar-ustaldy/