jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    15 жыл іздеуде болған екі шетел азаматы Түркістан облысында ұсталды

    Ұсталған шетел азаматы
    Ұсталған екі шетел азаматының бірі. Фото: Polisia.kz

    Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Полицейлер 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын Түркістан облысының аумағында қолға түсірген.

    "Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

    Еске салайық, 11 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынған шетел азаматы Шымкентте ұсталған еді. Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушылары халықаралық іздеу жариялаған.

    Сондай-ақ Шымкентте полицейлер 8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстағанын жазғанбыз. 41 жастағы азамат соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кіргізілмейтін болды.

    15 жыл іздеуде болған екі шетел азаматы Түркістан облысында ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.