jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары шартты түрде сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Ақтөбеде жұмыс істеген World Business Consulting қаржы пирамидасын жасаушылар сотталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын толығымен өтелді, деп хабарлайды ҚМА сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы агенттіктің ресми арнасында Ақтөбе облысы бойынша AFM World Business Consulting қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны хабарланған.

    Компания өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде тансытырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген.

    "Жиындарда күдіктілер қаржылық инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген", - делінген хабарламада.

    Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілген. Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.

    "Жыл басынан бері ҚМА қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық іс аяқталды, олардың ұйымдастырушылары 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірді. Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырғаны және жарнамалағаны үшін, 53 адамға қатысты 35 сот үкімі шықты. Олар 2 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге сотталды", - делінген хабарламада.

    Қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,7 мың сайт пен сілтеме бұғаттауға жолданды. "WhatsApp", "Telegram" және "Instagram"-да 300-ге жуық чат бұғатталды. Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды. "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.

    Ақтөбеде қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары шартты түрде сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.