jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте полицейлер эпилепсиялық талмасы ұстаған қызды аман алып қалуға көмектесті (видео)

    Полицейлердің эпилепсиясы ұстаған қызға көмектескен сәті
    Полицейлердің эпилепсиясы ұстаған қызға көмектескен сәт. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

    Шымкентте полицейлер эпилепсиялық талмасы ұстаған қызды аман алып қалуға көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Видео ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    Қалалық ПД өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, көшелерді патрульдеу кезінде Ержан Абуев пен Мұхамедали Сейтмұхтарға көлік жүргізушісі жүгінген. Ер адам талмасы ұстай бастаған қарындасын мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізуі керек екенін айтқан.

    Инспекторлар жедел әрекет етіп, көлікті сүйемелдеп жүру арқылы кептеліссіз медициналық мекемеге жеткізген. Осылайша, бірнеше минут ішінде қыз дәрігерлерге тапсырылды.

    "Сағат 12:00-12:30 шамасында үйде қарындасымның эпилепсиялық талмасы ұстап, есін жоғалтып алды. Содан үй жақтан шығып, тас жолда полиция қызметкерлерін көріп қалып, көмек сұрадым. Олар бірден көмек берді, қазір ауруханаға әкелдік. Полиция қызметкерлерінің арқасында қазір қарындасымның жағдайы қалыпты. Көп-көп рақмет", - деп алғысын білдірді азамат.

    Шымкентте полицейлер эпилепсиялық талмасы ұстаған қызды аман алып қалуға көмектесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.