Ұлытау облысындағы су тасқыны: басқарма басшысы сот алдында жауап бермек
Опубликовано:

Жеке тұлғаларға, оның ішінде Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты су тасқынына әкеп соқтырған қылмыстық әрекеттерге қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ "Жезді өзенін санациялау" жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеуді аяқтаған.
Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталған.
"Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.
Лауазымды тұлғалардың бұл қылмыстық әрекеттері осы жылдың көктемінде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеп соқтырды", - делінген ведомство хабарламасында.
Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланған.
Қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2180490-ulytau-oblysyndagy-su-tasqyny-basqarma-basshysy-sot-aldynda-zhauap-bermek/