Оқыс оқиға

Зектілері

Халықаралық іздеуде болған шетелдік азамат Астана әуежайында ұсталды

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан азаматын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген сол елдің азаматы ұсталды.

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

"Ол Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 15 жыл іздеуде болған екі шетел азаматы Түркістан облысында ұсталған болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда заңсыз жүрген Қарағанды ​облысында алты шетелдік азамат ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2180952-halyqaralyq-izdeude-bolgan-sheteldik-azamat-astana-auezhaiynda-ustaldy/