jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда Lexus көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды

    Айыпталушы
    Уақытша ұстау изоляторы. Көрнекі фото: Максим Золотухин

    Павлодарда Lexus жүргізушісі құжатсыз және есірткілік мас күйде ұсталып, қымбат көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында Lexus ES350 көлігін тоқтатқан.

    "Жүргізушінің көлік жүргізуі тәртіп сақшыларының күдігін тудырды, әңгіме барысында жүргізуші өзін дұрыс ұстамады және сұрақтарға түсініксіз жауап берді", - деді Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

    Полицейлердің күдігі медициналық сараптама қорытындысымен расталды: жүргізуші есірткілік мас күйде болған.

    "Сонымен қатар жүргізушінің 2023 жылдың қазан айында жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, бірақ бұл оған сабақ болмағанға ұқсайды", - деп атап өтті Руслан Әлиасқаров.

    Lexus көлігі коммуналды тұраққа қойылған.

    Павлодарда Lexus көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.