jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде көлік капотына есірткі затын жасырған ер адам ұсталды (видео)

    Көлікті тінту сәті
    Көлікті тінту сәті: polisia.kz

    Ақтөбеде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады. Тінту кезінде 119 грамнан астам мефедрон табылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Ақтөбеде Mercedes-Benz көлігі тоқтатылған.

    "Тінту кезінде капоттың астынан спорттық рюкзак табылды, оның ішінде ұнтақ заты бар сөмке, сары түсті электр лентасы, 100 zip-пакет және электронды таразы болған.

    Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат жалпы салмағы 119 грамнан асатын "мефедрон" психотроптық есірткі заты екені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

    Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тергеу амалдары барысында ұсталған адам орман екпелері орналасқан жерді көрсетіп, күдікті көрсеткен жерден ұнтақ зат салынған тағы 25 пакет тәркіленген.

    Полицейлер 300 дозадан астам синтетикалық есірткінің сатылуына жол бермеді.

    Күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі затының заңсыз айналымына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Ақтөбеде көлік капотына есірткі затын жасырған ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.