Оқыс оқиға

Зектілері

Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін мектепішілік есепте тұрған

Жарияланған күні:

Пышақ
Пышақ. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрғаны анықталды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауданында итті пышақтап, аяусыз тепкен бала ісі қазір тергеуде. Ал облыстық білім басқармасы баланы тәрбиелеудің бірнеше амалын қарастырып жатыр. 

"Ол осыған дейін тәртібі, мінез-құлқына байланысты мектепішілік есепте тұрған бала. Тергеу амалдары аяқталған соң Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды.

Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі", — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Еске салсақ, Темір ауданы Кеңқияқ ауылында оқушы итті жіппен байлап ұстап, оған пышақ сұқты. Видео әлеуметтік желі арқылы тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2182271-aqtobede-itti-aiausyz-pyshaqtagan-bala-bugan-deiin-de-mektepishilik-esepte-turgan/