jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ Оралда қалалық сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

    Оралда қалалық сот төрағасы 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өз кабинетінде ұсталды. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы хабарлайды.

    Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Төрағамен қоса екі адвокат та ұсталды.

    Оған 1,5 миллион теңге пара айыпталушы азаматты ақтап алу үшін берілмек болған. Жедел-тергеу амалдарын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген. Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Руслан Нартайұлы Жұмағұлов 1980 жылы 16 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын үздік бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы БҚО Орал қалалық прокурорының көмекшісі болып қызметінен бастаған.

    2002 жылы Орал қаласының прокурорының аға көмекшісі болды. 2003 жылы БҚО облыстық прокуратурасына ауысқан.

    2003 жылдан 2007 жылға дейін БҚО прокуратурасында басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, облыс прокуратурасының бөлім басшысы қызметін атқарған.

    2007 жылдан 2011 жылға дейін Теректі аудандық прокурорының орынбасары, кейін Зеленов аудандық прокурорының орынбасары қызметінде болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында қорғаушы болып еңбек еткен.

    2015 жылы президентінің жарлығымен Орал қалалық сотының судьясы болды. 2019 жылы Орал қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған.

    БАҚ Оралда қалалық сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.