jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі комитет төрағасына қатысты тергеуді аяқтады

    қылмыстық іс
    Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ол кәсіпкерлік субъектісінен 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Яғни шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5 пайызын алған.

    Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынды", - делінген хабарламада.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше 31 қазанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.

    Құзырлы орган өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.