jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістан облысында ұялы телефон ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті

    Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
    Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында ұялы телефон ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, Келес ауданының полиция қызметкерлері дүкенде орын алған ұрлықты ашқан. Күдікті ұрлықты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған болып шықты.

    Ол телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кіріп, қажетті заттарды алмақшы болған. Оңай олжалы болуды көздеген ер адам сатушының басқа іспен айналысып тұрған сәтін пайдаланып, екі бірдей Redmi маркалы ұялы телефонын жымқырып, дүкеннен ізін суытқан. Содан соң ұрланған телефондарды сатып жіберген.

    "Тәртіп сақшылары сатылып кеткен ұялы телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды",- делінген Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы парақшасында.

    Түркістан облысында ұялы телефон ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.