Шымкентте азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды
Жарияланған күні:

Шымкентте азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қылмыс 5 қыркүйек күні Шымкент қаласында болған. Сотталушы мен марқұм спирттік ішімдік ішу барысында жанжалдасып қалған. Содан келіншек жолдасының кеудесіне пышақ сұғып алған.
Нәтижесінде жәбірленуші ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Сотта әйелдің кінәсі дәлелденіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәсін толық мойындағаны, шын көңілден өкінгені, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде оның қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттерді алкогольді масаң күйде жасағаны назарға алынды.
Сот әйелді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деді Шымкент қаласының сотының баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2183487-shymkentte-azamattyq-nekedegi-kuieuin-pyshaqtap-oltirgen-aiel-sottaldy/