jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азия ойындарының жүлдегері мен оның отбасы ер адамды құлдықта ұстады деген күдікке ілінді

    Бетін басып отырған ер адам
    Бетін басып отырған ер адам. Көрнекі фото: anankkml/Getty Images

    Желіде Азия ойындарының жүлдегері Айша Уәлишан мен оның отбасы ер адамды құлдықта ұстады деген ақпарат тарады. Бұған қатысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіндегілер түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлеуметтік желіде Азия ойындарының қола жүлдегері Айша Уәлишан мен күйеуінің ер адамды құлдықта ұстап келгені туралы ақпарат пайда болды.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

    "Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық дәлел мен мәлімдемелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият тексеріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - дейді ПД өкілдері.

    Азия ойындарының жүлдегері мен оның отбасы ер адамды құлдықта ұстады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.