jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте ЖШС экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Судья қағазға қол қоюда
    Судья. Көрнекі фото: Рexels.com

    Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін ЖШС-ні жауапкершілікке тартты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша экология департаменті ЖШС қызметінде табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.

    Тексеру нәтижесінде серіктестік нысанды пайдалану бойынша іс-шараларды экологиялық құжатсыз, яғни жергілікті атқарушы органға қоршаған ортаға әсер ету бойынша арнайы декларациясыз жүргізгені анықталды.

    Осыған орай, қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді арнайы декларациясыз жүзеге асырғаны үшін серіктестікке қатысты ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

    Сот отырысында серіктестік өкілдері құқық бұзушылық жасау фактісін толық мойындады.

    Сот қаулысымен серіктестік ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметтеріне тыйым салумен қатар, 10 952 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы заңды күшіне енді.

    Шымкентте ЖШС экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.