Түркістан облысында жылдамдықты шектен тыс асырған көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
Опубликовано:
Түркістан облысында жылдамдықты шектен тыс асырған көлік жүргізушісі анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жан-жақты шаралар атқарып жатыр.
Олар соңғы үлгідегі "Кибер-шериф", "Кордон про М", дрон арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтап, ескерту жұмыстарын жүргізуде. Бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары, ол үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтықтан тіркей алады. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің мемлекеттік тіркеу белгілері арқылы тани отырып, инспекторды хабардар етеді. Оның ішінде "Кибер-шериф" арқылы іздеуде жүрген көлік құралын тез арада анықтауға болады.
Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. Жыл басынан бері облыста 439 мыңнан астам жылдамдықты шектен тыс асыру дерегі анықталып, құқықбұзушы жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған.
Мәселен, патрульдік полиция Шымкент – Самара тасжолында автоматтандырылған жылдамдық өлшегіш "Автоураган" кешенімен қызмет атқару кезінде сағатына 60 шақырыммен басқаруы керек жолда 102 шақырыммен басқарған Hyundai Polisade көлік жүргізушісін анықтады. Жүргізуші жауапқа тартылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2184291-turkistan-oblysynda-zhyldamdyqty-shekten-tys-asyrgan-kolik-zhurgizushisi-zhauapqa-tartyldy/