jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

    Полицей
    Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

    Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, полицияға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені белгілі болған. Ақпарат бойынша бірден іске кіріскен патрульдік полиция батальонының қызметкері аталмыш көлікті тоқтатады.

    Кейіннен ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар екені анықталды. Ол кейінгі 9 айдан бері берешегін төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.

    Осы ретте полиция облыс тұрғындарын қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырды. Сондай-ақ кез келген құқықбұзушылық үшін заң аясында шара қолданылатынын хабарлады.

    Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.