jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Оралда студенттерді қорқытып, несие рәсімдеткен 3 күдікті ұсталды

    Үстелде жатқан ақша, калькулятор мен телефон
    Ақша мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Оралда екі студентті қорқытып, ақшасын иемденіп кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілер екі студентті 150 мың теңге көлемінде шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін өз есепшоттарына аударған.

    "Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған қаражат тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изолторына қамалды.

    Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

    Оралда студенттерді қорқытып, несие рәсімдеткен 3 күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.