Оқыс оқиға

Зектілері

Шымкентте жауыздықпен өлтірілген азаматтың әкесі кінәлілерді тауып, жазалауды сұрайды (видео)

Жарияланған күні:

Рустам Джанжигитов
Рустам Джанжигитов. Видеодан кадр: "Отырар" телеарнасы

Шымкентте өткен жылдың басында ұлынан айырылған әке әділдік іздейді. Ол 2023 жылдың басында әлдекімдер ұлын жауыздықпен өлтіргенін, бірақ әлі темір торға тоғытылмағанын айтып отыр. Тұрғынның сөзінше, тіпті оны сот үкімін тыңдауға шақырмаған, деп хабарлайды "Отырар" телеарнасы.

Ер адамның өліміне қатысты іс әлі аяқталмаған. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін 8 күдіктінің ішінен тек үшеуі сотталған. Олардың екеуі "адамдар тобымен аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабымен сотталса, үшіншісі қылмысты жеткізбегені үшін қамалған.

Ал 33 жастағы Бахрам Джанжигитовтің әкесі сот үкімімен келіспейді. Ол сотталушылар бір-бірін жасырып отырғанын айтады. Сөзінше, кісі өлтіруге сегіз адамның да қатысы бар. Оған сол түні аман қалған екі куәгер дәлел.

"Бізді сот үкімін тыңдауға шақырған жоқ. Үкім 434-бап бойынша шыққан, бірақ бәрінде 99-бап 2- бөлім тұрған. Сотталушылардың бірінің тікелей қатысы бар еді: оның көлігі кінәлілерді оқиға орнына әкелу үшін пайдаланылған. Ал қазір олар қатысушылардың санын азайтқысы келіп отыр.

Бізде барлығын жарық жерде көрген екі куәгер бар. Оқиға орнында екі көлік, екі тапанша, балта мен шеге суырғыш болған. Бұл бір адам пайдаланатын қару емес. Бізде дәлел мен куәгерлер болса да, олар сотталушылардың санын азайтқысы келеді" - дейді Рустам Джанжигитов.

Шымкент тұрғынының айтуынша, қылмыс жасаған соң қатысушылардың барлығы шетелге қашып кеткен, оларға халықаралық іздеу жарияланған. Марқұмның әкесі жеңіл баппен сотталған азаматтың да ұлының өліміне қатысы бар екенін сенімді.

"Біз бірінші сотта мән-жайды білгенімізде арыз-шағым түсірер едік. Енді апелляцияға береміз. Қазір қолымызда оқиға орнына кіріп-шыққаны көрсетілген видео бар. Мұны куәгерлер де көрді, сот мұны неге назарға алмағанын түсінбей отырмыз", - деді Джанжигитов.

Қазіргі уақытта екі күдікті сот талқылауы үшін Қазақстанға экстрадициялануда. Судья кісі өлтіргені үшін сотталған екі адам үшіншісімен, яғни, қылмыс туралы хабарламаған адаммен таныс емес екенін айтты. Оның сөзінше, үшінші қатысушы кісі өлтірушілердің жоспарынан хабардар болмаған және бұл туралы қылмыс жасалғаннан кейін ғана білген.

"Екі сотталушы ол жаққа кірген, ал сотталушы Юнусов көлікте қалған. Азғантай уақыттан кейін олар шығып, көлііке отырып, қайта кетіп қалған. Сотталушы осы мекенжайда қылмыс болғанын, ал оны өзі апарған тұлғалар жасағанын кешкі уақытта білген. Қос сотталушы тергеу барысында Юнусов ештеңе білмегенін растады.

Біз кодекстің нормаларына сәйкес айыптау шегінде қарадық, ол 434-бап бойынша айыпталды, өйткені сот шектен тыс шыға алмайды. Джанжигитов соттың барлық процесіне қатысты, үкімді жариялауға қатысқан жоқ, оның неге екенін түсіндіре алмаймын. Соттарға қатысты, хабары болды", - деді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Айта кетейік, қылмыс 2023 жылдың 26 қаңтарында болған. Сол күні үйде үш адам болған, олардың екеуі аман қалған. Олар қаруланған сегіз адам терезені сындырып, үйге кіріп, шабуыл жасағанын айтқан. Олардың басты мақсаты 33 жастағы Бахрам Джанжигитов болған. Куәгерлердің сөзінше, күдіктілер азаматты аяусыз ұрып-соққан. Салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2184879-shymkentte-zhauyzdyqpen-oltirilgen-azamattyng-akesi-kinalilerdi-tauyp-zhazalaudy-suraidy-video/