jitsu gif
Оқыс оқиға

    12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды: СҚО-да кісі өлтіру ісі бойынша жасөспірімдерді ақтау үкімінің күші жойылды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Солтүстік Қазақстан облысында кісі өлтіру, тонау және ұрлық бойынша жасөспірімдерге қатысты ақтау үкімінің күші жойылды. Алқабилер енді айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен айыпталушыларға қатысты қарақшылық шабуыл жасады (Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармақшасы), қарақшылықпен ұштасқан кісі өлтірді (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7), 8) тармақтары ), сондай-ақ И. - ға қатысты бөтен мүлікті ұрлады (Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3- бөлігінің 1), 2), 3) тармақтары) деген айыппен қылмыстық істі қарады.

    Бұған дейін 2024 жылғы 16 тамызда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алқабилердің қатысуымен шешілген ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі соттың өзге құрамындағы жаңа сот қарауына жолдаған еді.

    "2023 жылғы 21 желтоқсанда айыпталушылар Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы ауданның Медвежка ауылында болып, алдын ала сөз байласып, ақша қаражатын ұрлау мақсатында үйдің ауласына кіріп, қарақшылық шабуыл кезінде адам өлтірген. Кейіннен олар 150 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген", - делінген сот хабарламасында.

    2023 жылдың ақпанында айыпталушылардың бірі әжесінің үйінде болған кезде оның 2 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын ұрлады.

    "2024 жылдың наурыз айында ол досының үйінде болған кезде оның 69 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын ұрлап кеткен. Прокурор айыптауды қолдай отырып, сотталушыларға 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындауды сұрады. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары ақтау үкімін сұрады", - делінген сот хабарламасында.

    Сот алқабилердің қатысуымен айыпталушыларға қатысты айыптау үкімін шығарды және оларға тағылған айып бойынша қылмыстар үшін кінәлі деп танылды.

    Алқабилер алқасының қатысуымен сот сотталушылардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде олардың қылмыс жасаған кездегі жасы кәмелетке толмағанын ескерген. Айыптау актісінде айыпталушыларға қатысты ауырлататын мән-жайлар көрсетілмеген және сотпен анықталмаған.

    "Қылмыстық кодекстің 81-бабының 7-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын мерзімге, ал ауырлататын мән-жайларда не ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру болып табылатын қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша 12 жылға тағайындалуы мүмкін", - делінген сотта.

    ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігі негізінде тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен айыпталушыларға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.