jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада ер адамның көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен

    Эвакуатор
    Эвакуатор. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана тұрғыны бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына жұмыс істемейтін көлігін тастап кеткен, алайда оны эвакуатордың көмегімен ұрлап кеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицияға Honda Accord көлігінің иесінен арыз түскен. Қала тұрғынының айтуынша, ол бір ай бұрын көпқабатты үйдің ауласына істемейтін көлігін тастап кеткен. Үй иесі келтірілген шығынды жарты миллион теңгеге бағалаған.

    Кейін полиция 38 жастағы күдіктіні анықтап, ол өз қылмысын мойындады.

    "Ол көлікті біраз уақыттан бері бақылап жүргенін және оның иесі жоқ деп ойлағанын айтты. Көлікті үйіне апару үшін эвакуатор шақырып, жүргізушіге оның өзіне тиесілі екенін айтып, сендірген", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

    Автокөлік иесіне қайтарылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Астанада ер адамның көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.