jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ азаматы Қазақстаннан шығарылды

    Әуежай
    Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Ішкі істер министрлігінде қос азаматтығы бар адамдарды жауапқа тарту жағдайлары туралы айтылды. Бұл бұзушылық үшін елден 977 адам шығарылды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz медиа-порталында пайда болған ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3022 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімі бойынша елден 977-сі шығарылды.

    Қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылды.

    Алматы әуежайында Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматы анықталды. Ол шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.

    Сот шешімімен әйел елден шығарылып, оған бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

    Қос азаматтыққа қатысты дәл осындай құқық бұзушылықтар Ресей Федерациясының үш азаматынан да табылды. Олардың екеуі ел аумағынан шығарылса, үшіншісі 517 мың теңге айыппұл төледі.

    АҚШ азаматы Қазақстаннан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.