jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қаңтар оқиғасы кезінде ер адамды азаптады деп айыпталған тағы бір полиция қызметкері сотталды

    Қаңтар оқиғасы
    Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

    Қаңтар оқиғасы кезінде ер адамды азаптаған полиция қызметкері сотталды. Ол екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

    "Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде "Қаңтар" оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптау қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды.

    Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

    Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді", - делінген хабарламада.

    Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

    "Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады қалалық прокуратура өкілдері.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.