jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Тексерілген серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын": Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Аида Балаева
    Аида Балаева. Фото: Мәдениент және ақпарат министрлігі

    Бүгін, 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайтқа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр", - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі жеке парақшасында.

    Министр жазбасында қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.

    "Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын", - дейді Балаева.

    Еске салсақ, 14 қарашада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

    "Тексерілген серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын": Балаева Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.