jitsu gif branding logo appbranding logo app

    230 мың долларды қолды қылды деп күдікке ілінген қазақстандық әйел Грекияда ұсталды

    Ұсталған күдікті
    Ұсталған күдікті: t.me/POLICE_of_KZ

    Грекияның Хиос аралында жүздеген мың доллар шамасында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеу жарияланған күдіктіні ұстады.

    2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

    "Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 238 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған есепшінің сотталғаны туралы жазған едік.

    Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.